Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда нашақорлар мен қаңғыбастар қоршалмаған зират басында кеш ұйымдастырып жүр

Алматыда шағынаудандардың тұрғындары зират басына баруға қорқатындарын айтты. Себебі қаланың қаңғыбастары мен нашақорлары ойына келгендерін жасайтын болған. Олар бейіттерді қорлап, сол жерде көңіл көтеріп, ішін қоқысқа толтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап.

Өжет ауданының тұрғындарының айтуынша зират бойында қоршау болмағандықтан нашақорлар, жезөкшелер мен қаңғыбастар ол жерге дегендерін жасап, қоқыс алаңына айналдырған. Арттарынан ішімдік бөтелкелерін, шприцтер мен түрлі қолданыстағы заттарды шашып қалдырады. 

“Мұнда жаман жолда жүргендердің бәрі келеді. Айтуға ұят, бірақ бұл жерді нағыз қоқысқа толтырған. Қардың астынан көрінбейді, көктем кезінде ішкіштер тобының шашып кеткен түрлі заттарын көріп жүрміз. Балаларды ол жақ маңға қарай жақындатпауға тырысамыз. Зиратты қоршамайынша оларды тоқтата алмаймыз”, – деді тұрғын Асқар Қасенов.

Қоршауы жоқ зиратқа тіпті қойлардың кіріп, абайсызда түсіп кеткен кездері де болыпты. Тұрғындар 10 жылдан бері қараусыз қалған бейіттер ауласының мәселесін шешуді шенеуніктерден сұрап келеді. Алайда әлі күнге дейін ешқандай жауап ала алмауда. Жұрт бұл зираттарға 100 жылдай уақыт болғанын айтады. Мұнда 50-ден астам бейіт бар. 2019 жылы қалалық жерлеу қызметтері зауыты зираттың периметрі бойынша темір қоршау орнатылғаны туралы қағаз жіберді. Бірақ шын мәнінде зиратта ешқандай қоршау болмаған.

Тұрғындар өз беттерінше қоршауға тікенді сым тартқан. Алайда төбелескіш бұзақылар үшін бұл сым ұзақ уақытқа тұрмайтын көрінеді. Жинала-жинала тау болған қоқысты коммуналдық қызмет те назарға алмайды. 

“Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратынан ауданы шамамен 0,3 га болатын зират ресми түрде тіркелмеген. "Өжет" шағын ауданында тұратын тұрғындардың өтінішінен қорым заңды бекітіліп, қоршауға қаражат қаралатын болады”, – деді Алматы қаласындағы мамандандырылған жерлеу қызметтері комбинаты.

 

Талқылау