Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланың сыртынан құлыптап, қонаққа кеткен": Солтүстік Қазақстанда 5 жасар қыз көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда 5 жасар қыз өрт кезінде көз жұмды: Баланы қамап кеткенФото: Halyqstan

18 қаңтар күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылында өрт шықты. Салдарынан үйде анасы қамап кеткен 5 жасар қыз көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі HALYQSTAN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт шыққан екі пәтерлі үйдің бірінде 33 жастағы әйел, 31 жастағы ер адам және әйелдің бес жасар қызы тұрған. Олар әлеуметтік жағдайы төмен отбасы ретінде есепте тұрған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен әйел пеш жағып, қонаққа кетіп қалған. Баланы үйде жалғыз қалдырып, есікті құлыптап кеткен. Көршілердің айтуынша, олар қызды жиі жалғыз қалдырып жүрген.

Өрт сөндірушілер келген сәтте екі пәтерлі үй толықтай жанып, тіпті шатырдың бір бөлігі опырылып түскен.

“Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды. Тұрғындар пешпен жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдай департаменті.

Құтқарушылар үйден баланың күйіп кеткен мәйітін тапты. Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар полиция қаза тапқан қыздың анасына қатысты да қылмыстық іс қозғауды қарастырып жатыр.



Өрттің кесірінен екінші пәтерде тұратын көршілер де баспанасыз қалды.

Бұған дейін Атырау облысы Теңіз кен орны аумағында өрт шыққаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 19 Қаңтар, 2026 16:14