Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысындағы бір отбасының улануы: Прокуратура тергеуді қайта бастауды талап етті

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы отбасының улануына байланысты санитарлық ережелердің бұзылуы бойынша қозғалған істі қайта тергеуді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

"Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 304-бабының 3-бөлігі (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша екі адамның абайсызда қаза болуына әкелген санитарлық ережелердің бұзылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу органының қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешімі облыс прокуратурасымен қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жойылды", – деп хабарлады қадағалау органы.



Еске салайық, бұған дейін биыл маусым айында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Надежка ауылында қорқынышты қайғылы оқиға болды. Ауыл дүкенінен алынған бекон мен тұшпараны кешкі асқа жеген бес адамнан тұратын отбасы уланып қалған. Салдарынан 3 жасар ұл бала мен 6 жасар қыз бала көз жұмды. Балалардың 28 жастағы анасы мен 2014 жылы туған үлкен баласы дәрігерлердің көмегімен аман қалды.

Галина Коваленко өзінің мәлімдемесінде оқиғадан бері 6 ай өтсе де, елді дүр сілкіндірген трагедия үшін жауаптылардың әлі анықталмағанын атап өтті.

 

Талқылау