Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылда өртенген үйден әйел мен екі ер адамның денесі табылды

сқо өрт

Фото: Видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысында үш адамның жұмбақ өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Полтавка ауылындағы өртеніп кеткен үйдің орнынан үй иесі мен екі ер адамның денелері табылды. Тек қаза болған әйелдің қызы ғана аман қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт Полтавканың шетінде кешкісін тұтанған. 13 шақырым жердегі өрт сөндіру бөлімінен жеткен кезде үйді ашық жалын шарпып тұрған. Қираған үйдің орнынан 58 жастағы үй иесінің және 44 пен 46 жастағы екі ер адамның денесі табылды. 

Белгілі болғандай, ер адамдардың бірі оқиға кезінде қонақта болған, ал екіншісі – қаза тапқан әйелдің қызының азаматтық некедегі жары. Өрт кезінде 35 жастағы әйел үйден шығып үлгерген.

Ауыл тұрғындары бұл әулетті тату, үлгілі отбасы ретінде сипаттайды. Екі ер адам да жергілікті ЖШС-де жұмыс істеген. Үй иесі үй шаруасымен айналысқан.

Солтүстік Қазақстан облысы тергеу басқармасының басшысы Азат Құсаиновтың мәліметінше, үшеуі қылмыстың құрбаны болуы мүмкін.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", – деді Азат Құсаинов.


"Мәйітін мұздатқышта сақтаған": Ақтөбеде мейіргер танымал дәрігерді өлтіргенін мойындады


Алматы облысында металл қабылдау бекетінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты


Еске салайық, 2025 жылдың 23 мамырында Ақтөбеде танымал нефролог дәрігер Абай Айсағалиев із-түссіз жоғалып кеткен еді.Бір аптадан кейін дәрігердің денесі табылды.

Айым Атамбаева
Жұма, 19 Қыркүйек, 2025 08:53
Талқылау