Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін "Көкшетау-Омбы" автожолының бойында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жол апаты

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым сағат 7:55-те Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы "Көкшетау-Омбы" автожолының 53-шақырымында "Lexus" және "ВАЗ-2104" автомашиналары соқтығысты.

“"Lexus" автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатқан, жолда көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол-көлік апаты салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның екеуі екі автокөліктің жүргізушілері. Ал жарақат алған екі адам медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді”, – делінген полиция хабарламасында. 

Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізуге қан алынды. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа қойылды.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет") сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Талқылау