Солтүстік Қазақстан облысында көп балалы аналар баланы мектепке дайындауға көмек берілмегеніне наразылық білдірді
Еліміздің солтүстігінде жаңа оқу жылында әлеуметтік көмек көрсету бойынша жанжал туындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Көпбалалы аналар "Мектепке жол" акциясы бойынша төлемдерден бас тартылғанына наразы.
Вероника Паршукованың төрт баласы бар, соның біреуі ғана оқушы. Көп балалы ана декреттік демалыстан шығып, қашықтан жұмыс істеп, салықты аудара бастаған. Алайда кішкене табыстың кесірінен үлкен отбасына 1 қыркүйек қарсаңында 40 мың теңгелік біржолғы көмек берілмеген.
"Мектепке жол" акциясы мен тегін тамақ беруден бас тартылды. Себебі өзіме жұмыс істеймін. Олар табысымды есептей алмайтынын айтады. Енді көп балалы екенімізді растап қана қоймай, табысымды да растау керек. Көп балалы отбасы ең төменгі күнкөріс деңгейінен көп алғанына сонша әңгіме. Енді мектепте тегін тамақ берілмейді және баланы мектепке дайындауға ақша берілмейді”, – дейді көп балалы ана Вероника Паршукова.
Жанжал Ақжар ауданы Үлгілі ауылында өршіді. Онда көп балалы аналар оқу жылының басында барлық әлеуметтік көмектерден айырылғанын айтты. Табыстарының артқанын айтқан. Аналардың айтуынша, олар әрең күн көріп жүр, яғни деректер қате. Шудан кейін олардың барлығына әлі де төлемдер жүріп жатқаны белгілі болды. Ал бұл жағдайға шенеуніктер аналардың өздерін кінәлайды.
“Әлеуметтік мұғалімнің қолында бұл тізім болса да, олар жазбаша түрде өтініш жазбаған. Мұғалім оларға өтініш жазып, қажетті құжаттар пакетін ұсыну керегін ескертті. Олар бұл ақшаны алғысы келеді, бірақ ештеңе істемейді”, – деді Ақжар ауданының білім бөлімінің бас маманы Самал Закарина.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан барлық балалар мектепке бару үшін материалдық көмек ала алмайтындығын атап өтті. Тек тұрғын үй жағдайы төмен немесе төтенше жағдайға тап болғандарға көмек көрсетіледі. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатындар бұл көмекті алмайды.
“Бірінші санат – АӘК алатын балалар. Екіншісі – АӘК алмайтындар, бірақ жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмендер. Үшіншісі – жетім балалар; төртіншісі — ТЖ-ға тап болған балалар; бесіншісі – мектептердегі қамқоршылық кеңес айқындайтын балалар”, – деді аналардың құқықтарын қорғау комитетінің балаларды әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Дана Мақтаева.
Солтүстік Қазақстан облысында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 9,5 мың бала біржолғы жәрдемақы төлеуге үміткер, бірақ оны тек 6,5 мың оқушы ғана ала алады.