Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында колонияда сотталушы қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысындағы колонияда сотталушы қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті хабарлағандай, 21 шілдеде No48 мекемеде тұрмыстық негізде сотталғандар арасында жанжал шыққан. Салдарынан бір адам қаза тапты.

"Профилактикалық әңгіме барысында сотталғандардың бірі тұншығып қала жаздады, дереу жедел жәрдем шақырылды. Әкімшілік қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, дәрігерлер сотталушының қайтыс болғанын хабарлады. Бұл факті ақпараттық кітапқа тіркеліп, жедел-тергеу тобы шақырылды", - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру тағайындады. Сарапшының мәйітті сыртқы сараптамасы дене жарақатын анықтаған жоқ. Өлімнің себебі анықталуда", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі басқармасының баспасөз қызметі.

Талқылау