Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауылды су басу қаупі төніп тұр

Фото: ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызылжар ауданындағы бірқатар елді мекендерде — Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарында — су деңгейі көтеріле бастаған. Бұл ауылдарда су тасқынының алдын алу үшін қорғаныс бөгеттері күшейтіліп жатыр.

Жұмыстарға ТЖМ, ПД, жергілікті атқарушы органдар мен әскери бөлімшелерден 1 087 адам және 126 техника бірлігі жұмылдырылған. Бір тәуліктің ішінде 4 000 қап төселсе, жалпы 110 980 қап дайындалған.

Заречное ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр: кейінгі тәулікте 1 500 текше метр су сорылды, ал жұмыс басталғалы бері жалпы 79 200 текше метр су шығарылған.

“Қызылжар ауданының Вагулино және Соколовка ауылдарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Елді мекендерде эвакуациялық пункттер дайындалған. Билік өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтады. Төртінші күннен бері жұмыстар үзіліссіз, тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Тепличное ауылының тұрғындары эвакуацияланған еді.

Сәуір айының басында су тасқыны Ақмола облысын да айналып өтпеді. Макинск қаласының тұрғындары су басқан көшелердің, аулалар мен үйлердің видеосын жариялады. Олардың айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын көктемде қайталанып тұрады.

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 27 Сәуір, 2025 17:38
Талқылау