Солтүстік Қазақстан облысында бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері COVID-19 эпидемиясына байланысты облыста енгізілген шектеу шараларын өзгерту туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің ресми сайтының құжат мәтініне сәйкес облыс аумағында бірқатар шектеулер енгізілген:

таныстарының, көршілерінің, әріптестері мен туыстарының келуіне шектеу қою;

азаматтардың тұрғылықты жерінде отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

қоғамдық орындарда кемінде екі метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра 3 адамнан көп топпен (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) жүруге тыйым салу;

жерлеу шараларын өткізгенде, 2 метрлік қашықтықты сақтап, 30-дан астам адамның жүрмеуін қадағалау;

65-тен асқан адамдарға, егер өте қажет болмаса, кешкі 10-дан таңғы 6-ға дейін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларынан басқа кезде үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ, қаулыда қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсету және демалу орындарында, сондай-ақ қоғамдық көліктерде және ашық аспан астында медициналық маскамен жүру керек делінген. 

Сонымен қатар, тамақтану кезінде масканы шешуге рұқсат етіледі, ал қашықтықты сақтау міндетті болып қалады.

Жаңа шаралар 2020 жылдың 14 желтоқсанында түн ортасынан бастап күшіне енеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр