Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысына әкім болып тағайындалған Ғауез Нұрмұхамбетовтың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды

Сенаттың жалпы отырысында депутат Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Ғауез Нұрмұхамбетовтің басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулыны қабылдады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ғауез Нұрмұхамбетов 1968 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.

2015 жылдан 2023 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2023 жылдың 25 қантарынан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.


 

Талқылау