Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Солтүстік ағыны" газ құбырларының жарылысы халықаралық терроризм деп танылды

"Солтүстік ағын - 1" және "Солтүстік ағын - 2" газ құбырларына келтірілген залалды Федералды қауіпсіздік қызметі халықаралық терроризм туралы бап бойынша қылмыстық іс шеңберінде тергейді. Бұл туралы Ресейдің Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рен ТВ арнасына сілтеме жасап.

солтүстік ағын

Осы газ құбырлары арқылы Ресей табиғи газды Еуропалық Одақ елдеріне жеткізіп отырды.

26 қыркүйекке қараған түні "Солтүстік ағын – 2" газ құбырында қысым төмендеді. Данияның ерекше экономикалық аймағы Борнхольм аралының солтүстік-шығысында "Солтүстік ағын-1" екі ағынында да қысым түсіп кеткен. 

Қадағалау ведомствосы алдын ала тергеу ұйымдастырылғанын атап өтті.

Flightradar мәліметтері бойынша, Sikorsky MH-60R strike Hawk тікұшағы 25 қыркүйектен 26 қыркүйекке қараған түні тоғыз сағат бойы газ ағып жатқан жерден шамамен 250 км Балтық теңізінің үстінен ұшып өтті.

Бұл тікұшақ жағалауда қарқынды ұрыс қимылдары мен ашық су операцияларын жүргізу үшін пайдаланылады.

Аталмыш жағдайға АҚШ-тағы ақ үйдің өкілі Карин Жан-Пьер  еуропалық одақтастарының маңызды инфрақұрылымына шабуыл жасалғанына алаңдаушылық білдірді.

Карин Жан-Пьер "оның артында кім тұрғанын" анықтау үшін тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Алайда бұл біраз уақытты алады деп түсіндірді.

Талқылау