Солтүстік Кореяның көңілді бейнесі (фото)
Сингапур елінің фотографы Арам Пэн Солтүстік Кореяға іссапармен шыққан кезде тек мұңлы адамдарды, көріксіз қала бейнесін, жалықтырып жіберетін сәттерге куә боламын деп ойлаған. Өйткені, оның бұған дейін BBC деректі фильмдерінен көргені тек сондай сарында ғана болатын.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
“Мен үнемі Солтүстік Кореяны көруге асықтым. 2012 жылы Солтүстік Кореяға баруыма рұқсат ету туралы өтініш жазып электронды хат жолдадым. Ақыры мені шақырып, рұқсат етілді. Мұнда келу мен ойлағаннан да оңайырақ болып шықты”, – дейді Пэн.
Коммунистік бағытта өмір сүретін елге сапарлаған Пэн, фотоаппаратының нысанасына бұл елге қатысты қасаң стеоротиптерді бұзатын кадрларды іліктіре алған.
Бұл Пхеньяндағы Munsu аквапаркі. Жүзетін бассейндер, жасанды су сарқырамалары жасалған. Кешен 2013 жылы ашылған. Қазір мұнда келушілер саны өте көп.
Костюм киген кәріс жігіттері балмұздақ жеп, күншуақта отыр. Батыс басылымдары жиі жазатындай, бұл елдің адамдары сондай бір аш көрінбейді.
Жағажайда жүгіріп жүрген қыздар, ал артқы планда бір топ адам велосипедке мініп тұр. 2013 жылы маусым айында Солтүстік Корея үкіметі Вонсан индустриялық портын “әлемдік деңгейдегі” курортты қалашыққа айналдыру туралы шешім қабылдаған болатын.
Арам Пэн танымал қола мүсіннің қасында суретке түскен. Фотограф қазіргі дейін Солтүстік Кореяға екі мәрте барып келген. Енді үшінші рет тағы да сапар шегуді көздеп отыр.
Жергілікті шаштараз.
Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейі соншалықты төмен деп айтуға келмейді. Тіпті, әдеттегі жазылып жүргендерден де жақсы секілді. Бір топ адам жағажай волейболын ойнап жатыр.
Бұл сәт – “Ариран” фестивалінің ең соңғы сәтінде атылған фейерверктер көрінісі. Музыкалық-гимнастикалық көрсетілімдер жасалынатын бұл фестиваль ҚХДР-дың ең ірі стадиондарында жыл сайын өткізіледі.
Қолшатыр ұстаған қыз.
Yanggakdo қонақүйінің терезесінен қарағандағы Пхеньян көрінісі.
Оңтүстік Кореямен шекараласып жатқан тұсқа жақын орналасқан Кэсон өндірістік қаласындағы шуақты күн.
Бұл – ел астанасындағы 1982 жылы тұрғызылған алып монумент.
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея отбасылары кездесетін Кумганг кездесу орталығы ғимараты.
Meari Shooting Range мейрамханасында өзіңіз сойып, тазалап берген тауықты дәмді етіп дайындап береді.
Қала шетіндегі үй.
Күн ұясына батып бара жатқан сәт.
Дәнді дақылдар өсіретін егістік алқабы.
Таң сәріде балық аулау.
Мекемелерде жұмыс күні 6 сағатқа ғана созылады.
Пхеньян метросы. Платформада мектепке бару үшін оқушылар күтіп тұр.
Ел астанасындағы көлік саны басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда аз.
Ал мына суретте көлік саны әдеттегіге қарағанда әлдеқайда көп.