Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда жынысын ауыстырған азамат есімін де өзгертіп алды

Солтүстік Қазақстанда алғаш рет жыныс ауыстырған азаматтың әйел атына төлқұжатын ауыстыру оқиғасы тіркелді.

25f27f68579b4543b559db9797279f14

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Қазіргі уақытта әйел есебіндегі 35 жастағы ер адамның есімін өзгертіп Надя деп атауды жөн көрдік. Надя ауқатты отбасында өмірге келген. Әкесі ұлын нағыз ер азамат болып өседі деп ойлайды. Алайда уақыт өте келе баласы қыздар ойынына қызыға бастайды. Кейін жас жігіт үйленеді. Бірақ, ішкі қалауы онымен басыла қоймайды. Сол кезде таныстарының кеңесімен дәрігерге қаралып, Мәскеудегі Ғылыми психиатрлар орталығына қаралады. Ондағылар жігіттің гомосексалист екенін айтады. Осыдан соң Надя ота арқылы жыныстық мүшесін ауыстарады.

Алайда жынысын ауыстырғанымен Надяның төлқұжаттағы есімін өзгертуі қиындай бастайды. Надя адвокаты Анна Лесныхпен бірге сотқа жүгінеді. Адвокат Алматыдағы тәжірибелі психиатрлардан кеңес сұрап, жыныс ауыстырудың финальді отасыз жасалғанын дәлелдейді. Осыдан соң Надяның есімін өзгертуіне мүмкіндік туды. Қазір жынысын ауыстырған Надя өзге құжаттарындағы есімін ауыстырып жатыр.

Қазақстанда жыныс ауыстыруға рұқсат бар. Бірақ құжат бойынша аты-жөнін өзгертуде қиындық туады. Германия, Франция, Нидерланды, Канада елдерінде адамдар есімін ешқандай отасыз-ақ ауыстыра алады.

Елена Крылова

Жіберіп алмаңыз:

Ұлыбританияда 90 жастағы соғыс ардагері жынысын ауыстырды

Жынысын әйел етіп ауыстырған транссексуал түрмедегі келіншектермен төсектес болып келген

Ким Кардашьянның жынысын ауыстырған өгей әкесі ана болуға дайын

 

Талқылау