Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да 4 адам туысының жерлеу рәсіміне келіп, марқұмның табытының жанында қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысының Буденый ауданында бір отбасының 4 мүшесі иіс тиіп қайтыс болды. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

СҚО-да 4 адам туысының жерлеу рәсіміне келіп, марқұмның табытының жанында қайтыс болды

Қайғылы жағдай 21 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында орын алған.

«Жекеменшік үйлердің бірінде көмірмен жанатын пешті дұрыс пайдаланбағандықтан, 4 адам иіс тиіп қайтыс болды. Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды», – делінеді хабарламада.

Көмірдің иісіне уланып, ажал құшқан төрт адам да марқұм болған туысының жанасына келген екен. Қайғылы жағдай орын алған түні төртеуі де марқұмның жанына түнейміз деп, өздері де бақилық болды. Енді қара жамылған отбасы бір емес, бес туысын жер қойнына тапсырмақ.

Ал уланғандармен бір бөлмеде болған көршісі иіске уланып, аурухана жеткізілді. Бұл сұмдық оқиғадан тек сол көршісі тірі қалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау