Солтүстік Корея АҚШ-қа ескерту жасады
Америкалық әскери ұшақтар Солтүстік Кореяның әуе кеңістігіне кірмесе де, Пхеньян оларды атып түсіруі мүмкін. Елдің сыртқы істер министрі Ли Ён Хо осылай мәлімдеді. Айтуынша, АҚШ бірінші болып Солтүстік Кореяға қарсы соғыс жариялады.
Бұл туралы Хабар24.kz басылымы хабарлайды.
Осыны бүкіл әлем естен шығармауы тиіс. Айта кетейік, бірер күн бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында сөз алған Ли Ён Хо Солтүстік Корея ядролық қаруды тек өзін қорғау үшін ғана қолданатынын мәлімдеген.
“Өздеріңіз білетіндей, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен өзге де әлемдік қауымдастықтар АҚШ пен Солтүстік Кореяның бір-біріне қарсы айтқан қорқынышты сөздері шындыққа айналмас үшін бірталай істер атқарды. Алайда АҚШ біздің елге қарсы бірінші болып соғыс жариялады. Енді Пхеньян америкалық әскери ұшақтар біздің әуе кеңістігімізге кірмесе де атып құлатуға құқылы”, – дейді Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ли Ён Хо.
Жіберіп алмаңыз:
Назарбаев пен Путинмен телефон арқылы алдағы жоспарларды талқылады
Мәжіліс депутаты қазақ тілін білмейтін әріптестерін сынап, ұятқа қалдырды
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Парламентке дайындалмай келіп, қағаздан бас көтермеген шенеуніктер депутаттан сөз естіді