Солтүстік Қазақстанда “Иегова куәгерлеріне” айыппұл салынды
Солтүстік Қазақстандағы «Иегова куәгерлері» діни бірлестігіне ел аумағында ешқандай тіркеусіз миссионерлік қызмет еткені үшін ірі көлемде айыппұл төлеу міндеттелді.
Сурет pravlife.org сайтынан алынды
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Діни ғұрыпты жақтаушылар өздерінің әрекеттерін негізінен Саумалкөл ауылында жүзеге асырып келген.
«Ш. есімді азамат адамдармен дін туралы, ақырзаманның таяп қалғаны жайлы айтып кездесулер өткізген. Ол адамдардың қатысуымен болған бейнероликті де көрсетті», – делінген СҚО соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Енді олардың 212 мың теңге көлемінде айыппұл төлеулеріне тура келеді.
Талқылау