Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соққыға жығылған "Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі жаңа әнін шығарды

Ғалымжан Сүлеймен жаңа әнін шығардыФото: Stan.kz коллажы

Көпке танымал “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әні жарық көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Топтың Instagram-дағы ресми парақшасында “Сен жоқ жерде” атты жаңа әнге түсірілген жаздық бейнесниппет жарияланды. Туындының әуенін Арман Дүйсенов жазса, мәтінінің авторы – Ринат Зайыт.

“Ал ағайын, қабыл алыңыздар, сіздерге Арман Д. әніне, Ринат З. сөзіне жазылған “Сен жоқ жерде” әніне жазда түсірілген келесі (сниппет) видеомызды тарту ете отырайық. Барлығыңызға алғысымыз шексіз, осы күнге дейін қолдауларыңызды сезіндік. Нұрлан Қонысбай, Ғалымжан Сүлеймен бауырларыңыздан”, – деп жазылған жазбада.

Желі қолданушылары өнер иелерін жарыса құттықтап жатыр.

“Керемет”, “Ғалымжанның дауысы ерекше, Нұрлан екеуі керемет дуэт. Жаңа әндерің көп болсын, хит болсын”, “Керемет дауыс иелері, өте жоғары деңгейде орындап шықтыңыздар, тыңдай бергіміз келеді”, “Керемет дуэт, Ғалымжанның дауысы, ән айту мәнері ерекше, Нұрлан екеуінің дауысы үйлесімді”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін 

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 15 Желтоқсан, 2025 23:23