Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шок болып тұрмын": Блогер Әнел Кенжебековаға белгісіз жанкүйері қымбат автокөлік сыйлады

 Әнел Кенжебековаға белгісіз жанкүйері қымбат автокөлік сыйладыФото: instagram.com/kenjebekovaa/

Миллиондаған жазылушысы бар блогер Әнел Кенжебековаға белгісіз жанкүйері қымбат көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер жуырда 24 жасқа толған туған күнін жақын құрбыларымен бірге атап өтті. Кештің қызған сәтінде оған қысқа ғана хат ұсынылады. Онда “Әнел, автотұраққа шыға қойшы, сені ерекше сый күтіп тұр” деп жазылған.

Әнел Кенжебекова өзге блогер қыздармен бірге сыртқа беттегенде, көздеріне бірден үлкен қорап түседі. Қаптаманы ашқан сәтте ішінде BMW көлігі тұрғаны белгілі болады. Бейнежазбадан оның шынайы таңданысын, ал жанындағы құрбыларының қуанышын анық аңғаруға болады.

“Сен кімсің, жауынгер?! Шок болып тұрмын, достар… Тағы бір көлік деймін бе, бұл не болып кетті?..” – деп жазған ол.

Алайда желі қолданушылары блогерге жасалған бұл тосынсыйдың шынайылығына күмәнмен қарады. Олар көлікті блогер өзіне өзі сыйлаған, ал көрініс тек қаралым жинауға арналған қойылым болуы мүмкін деп санайды.

“Егер қателессем түк ренжімеңіздер, қаралым түссе, халыққа осындай өтірік қойылым жасап көрсетуді қою керек-ау. Ертең осы көлікті сатып жібердім деп шығара салады”, “Қуаныш жақсы ғой, бірақ өтірік контенттің арқасында жастар өз өміріне налып өсіп жатыр. Мынаған сенген жас қыз сыйланған гүл мен шлоколадқа қанағаттанбай өсуі әбден мүмкін”, “Бұлар бәрі күшті сияқты көрсетіп, өз-өзіне сыйлай береді ғой”, – деп жазған олар.


"Бір минуттық жарнама – 3 миллион теңге": Отандық блогерлердің гонорары белгілі болды


Айта кетейік, бұған дейін танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқановаға бейтаныс жан көлік сыйға тартқан еді.

Еңлік Сақтан
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 11:30