Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соғыс ардагерінің үйіне барып ән шырқаған Гүлнұр Оразымбетова қарияны жылатып алды (видео)

Отандық әнші Гүлнұр Оразымбетова Жеңіс күніне орай Астанада тұратын соғыс ардагерінің үйіне барып, мерекемен құттықтап қайтты. Әншінің шырқаған әнінен кейін қарияның көңілі босап, көзіне жас алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Соғыс ардагерінің үйіне барып ән шырқаған Гүлнұр Оразымбетова қарияны жылатып алды (видео)

Бұл сәттің видеосын Оразымбетованың өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Жеңіс күнінің қарсаңында Астана қалалық жастар саясаты бөлімінің қолдауымен Астана қаласында тұратын соғыс ардагерлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтап шықтық. Көздеріне жас алып, қуанып қалды. Аман болыңыздар! Сіздерге мың тағзым!» – деп жазды әнші.

Видеодан байқалғандай, әнші ардагердің үйіне барып, «Әке туралы жыр» әнін шырқаған. Осы кезде қарияның көңілі босап, көзіне жас алды.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары отанын қорғау үшін жанын шүберекке түйіп, кеудесін оққа тосқан ардагерлерге құрмет көрсеткен әншіге дән риза болып, жағымды пікірлерін жаудырды.

Оқи отырыңыз:

Қайратпен бірге ән шырқаған Гүлзира Айдарбекова жұртқа жақпай қалды (видео)

Құралай Нұрқаділова анасының жас кезіндегі суретін көрсетіп мақтанды (фото)

Айқын Төлепберген: Анам мені перзентхананың дәлізінде босанып қалған

Қарақат бесінші сыныпта оқитын ұлының көлік жүргізгенін көрсетіп мақтанды (видео)

Талқылау