Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Софья Берульцева әлем чемпионатында ел қоржынына күміс жүлде салды

Софья БерульцеваФото:ҰОК

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева Каирде каратэден өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Софья ақтық сынға дейін іріктеу кезеңінде барлық жекпе-жегінде айқын басымдықпен жеңіп, топтан 1-орынмен шықты.

Плей-оффта ол Италиядан келген Клио Ферракутиді сан соқтырды. Ширек финалда Нидерланд каратэшісі Ингрид Крименспен күш сынасып, оны да жарыс жолынан ығыстырды. Жартылай финалда отандасымыз Англия өкілі Рошель Уолтерсті тізе бүктірді. Алайда шешуші сында неміс каратэшісіне есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Софья алғаш рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылы Дубайда өткен әлем чемпионатында да қола жүлдеге еншілеген.Бұған қоса 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының чемпионы. Сонымен қатар, үш дүркін Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 11:00