Собчак пен Виторганның интимді суреті желіні «жарды»
Ксения Собчак үйлену күніне орай күйеуі Максим Виторганға ерекше құттықтау жасады. Атушулы тележүргізуші күйеуінің құйрығынан ұстап түскен суретін жариялап, желіде қызу пікірталас туғызды.
Жалпы Ксения Собчак елден ерекшеленгенді ұнататын жұлдыздардың бірі. Тележүргізуші өзгелер сияқты күйеуіне әдемі сөздер айтып, бұл күні сезімін білдірген жоқ. Есесіне онымен бірге түскен интимді суретін жариялап, желі қолданушыларын еліктіріп қойды.
Елді дүрліктірген суретте Максим мен Ксения құшақтасып тұр. Виторган теріс қарап тұрса, Собчактың тек аяғы көрініп қалған. Ол күйеуінің құйрығынан қысып ұстап алған.
“4 жыл бұрын мен ресми түрде бақытты адамға айналдым. Рахет саған, әлемдегі ең тамаша жан! Бүгінгі күнім үшін және бұған дейінгі барлық күндер үшін!» – деп жазды Собчак.
Аталған жарияланым желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Кейбіреулер кадрдың ерекше шыққанына тамсанса, ендігілер оның тым тұрпайы екенін айтып жатты.
“Құттықтаймыз, сіздер ең күштісіздер”, “Керемет жұп, құттықтаймыз, “Ой, супер! Қандай сурет, мінсіз күйеу!”, “Суреттегі эмоцияларыңыз еліктіреді! Құттықтаймын!”, “Қандай сүйкімді сурет, бақытты болыңыздар”, “Осындай суреттерге таңғаламын. Алсу да сіз сияқты бақытты, бірақ ешқашан мұндайға жол бермес еді”, “Бәрі жақсы, бірақ мұндай жеке суреттерді жариялаудың қажеті жоқ. Сіз Бузова емессіз ғой”, – дейді олар.
Айта кетейік, Ксения Собчак пен Максим Виторган 2013 жылдың 1 ақпанында үйленген. Олардың шаңырақ көтеруі тележүргізуші мен актердің барлық достарына, сондай-ақ, оларды танитын барша адамдар үшін күтпеген жағдай болды. 2016 жылдың 18 қарашасында Ксения Максимге ұл сыйлады. Жұп тұңғыштарына Платон деп есім берді.
Жіберіп алмаңыз:
Аша Матай алаяқ жарнамашыларды сотқа бермек
Мәдина Сәдуақасова Таиланд ханшайымының киімін киіп тағы да сынға қалды (фото, видео)
Әнші Тиматидың көлігі Петропавлдағы айып тұрақта 10 жылдан бері тұр
Анджелина Джоли Брэд Питтен айына 100 мың доллар төлеуін талап етті