Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джоли Брэд Питтен айына 100 мың доллар төлеуін талап етті

Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтен алимент ретінде ай сайын 100 мың доллар көлемінде ақша төлеуін талап етті.

Джоли Питт-030217

Бұл туралы In Touch басылымы жазған.

Джоли аталған сомманы алты баланың керек-жарағына жұмсап, қалғанын өздері балалары үшін ашып қойған сенімгерлік шотқа аударып отырмақ.

Актриса алимент ретінде жылына 1,2 миллион доллар алып отырмақ. Оның 250 мыңы 15 жастағы Мэддокстың, 13 жастағы Пакстың, 12 жастағы Захараның, 10 жасар Шайло мен 8 жасар Вивьенн мен Нокстың болашағы үшін жиналып отырмақ.

Басылымның хабарлауынша, Питт балаларына қаржылық көмек көрсетуге дайын. Тек ол ақшаны бұрынғы жұбайының қолына емес, сенімгерлік қордың өзіне аударып отырсам дейді.

«Энджи ажырасу процесінің алдағы 90 күнде аяқталғанын қалайды. Алайда оның бар талаптарын ескерсек, бұл екіталай. Оның қаржылық талаптары ақылға қонымсыз», – дейді сенімді дереккөз басылымға берген сұхбатында.

53 жастағы Питтің мүлкі бүгінде 240 миллион долларға, ал 41 жастағы Джолидің мүлкі 160 миллионға бағаланып отыр. Сондай-ақ, актриса балаларға жалғыз өзі қамқорлық етуді көздеп отырса, Питт бірігіп тәрбиелеуге құлықты.

Еске сала кетейік, Джоли мен Питт ажырасу жайында 2016 жылдың қыркүйегінде жария етті.

Жіберіп алмаңыз:

Айына 2 млн доллар жұмсайтын Джонни Деп шығындалғанына есепшілерін кінәлайды

Лаки Кесоглу: Витастың мүмкіншілігі Димаштікінің жанында түк емес

“КешYou” тобының жаңа құрамы анықталды (видео)

Мәдина Сәдуақасова 2560 жылдан сәлем жолдап жұртты шошытты (фото)

Талқылау