Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша шашу: Джонни Депп айына қалайша 2 млн доллар шығындайтынын түсінер емес

Голливуд жұлдызы Джонни Депп қаржысымен айналысқан компаниямен соттасып жатыр. Айтуынша, оның ісін дұрыс жүргізбеген.

xw_1092889

Management Group компаниясы бұған актерді өзі кінәлі екенін айтады. Олардың нұсқасы бойынша, актердің ай сайын 2 млн долларға жуық ақша шығындайтыны себеп болған.

Жауап беруші жақ актердің 14 үй алу үшін 75 млн теңге жұмсағанын, жазушы Хантер Стоктон Томпсонның құрметіне жерлеу рәсіміне арнайы қарулы зеңбіректерді қолдану үшін 3 млн доллар шығындағанын айтады.

Management Group компаниясы “Кариб теңізі қарақшылары” фильмінен соң олардан 25 млн доллар талап еткенде сотқа арызданған.

Шағымда актердің бірнеше ескертулерге қарамастан шығын келтіруін доғармағаны айтылған.

Сотқа түскен мәліметте актердің мынадай шығындар келтірілгені жазылған:

  • 45 метрлі яхта алу үшін $18 млн
  • Музыкалық құралды жасауға $4 млн
  • Хантер Томпсонның жерлеу рәсіміне $3 млн
  • 40 адамды қамту үшін ай сайын $300 000
  • Жеке ұшақпен үшу үшін айына $200 000
  • Айына тәулік бойы жұмыс істейтін күзетшілері үшін $150 000
  • Ай сайын шарап алуға $30 000

Оған топтамалары сақталған қойма үшін жалға алу ақысын да төлеуге тура келеді.

Өзінің шағымында ол компания менеджерлерінің оның атынан қаржы деклорациясын уақытылы өткізбегенін, сондықтан оған 5,7 млн доллар көлемінде айыппұл төлеу жүктелгенін айтады.

Бұл ұзақ уақытқа созылған жанжал актриса Эмбер Херд екеуінің ажырасуынан басталды.

2017 жылы актер 53 жасында түскен «Кариб теңізі қарақшылары: Салазардың кегі» атты фильм арқылы көрерменімен қайта қауышады.

Жіберіп алмаңыз:

Джонни Депптің адамды таң қалдыратын 20 оғаш мінезі (фото)

Джонни Депптің әйелі 10 жылға түрмеге отыру жазасынан құтылып кетті

Джонни Депптің әйелі алимент пен ажырасуға сотқа арыз берді

Джонни Депп Эмбер Хердпен ажырасуға байланысты пікірін білдірді

Талқылау