Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СМС хабарлама неліктен тек орыс тілінде жіберіледі: “ҚазПошта” түсініктеме берді

“ҚазПошта” қызметіндегі СМС хабарламалардың тек орыс тілінде жіберілетіні азаматтардың шамына тиді. Олар бұл жағдайға наразылық танытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

қазпочта

“ҚазПошта” қызметінің бұл кемшілігі әлеуметтіік желіде қызу талқыға түскен. Көп ұзамай бұл жағдайға компания түсініктеме берді. Айтуларынша кемшілік 1 ай уақыт аралығында жөнделеді. 

"Біз клиенттерден кешірім сұраймыз және қазақ тілінде хабарлама жіберу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтынымызға сендіргіміз келеді. Корпоративтік сайт пен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Пошта байланысы бөлімшелерінде клиент өзіне ыңғайлы тілде қызмет ала алады", - деп хабарлады "Қазпошта" АҚ.

Сонымен қатар, компания қазіргі таңда барлық хабарлама түрлері қазақшаланып жатқанына да тоқталды. Қазіргі таңда мұнда СМС-хабарлама мәтіндерінің 70 түрін және push-хабарлама мәтіндерінің 16 түрін қамтитын 56 қызмет түрі көрсетіледі.

Олжас Нұржақып
Жұма, 23 Маусым, 2023 12:43
Талқылау