Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауапкершіліктен қашпаймын": Смайылов премьер-министр кезіндегі жұмысын сынағандарға жауап берді

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бүгін Мәжіліске келіп өткен жылдың игерілмей қалған бюджеті туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.

Фото: Gosaudit.kzФото: Gosaudit.kz

Мәжіліс алаңында журналистер бұрынғы премьер-министрден үкіметті нашар жұмыс істеді деп сынағанда қандай сезімде болғанын сұрады.

"Әрине, мен өзімді жауапкершіліктен босатпаймын. Өйткені мен де осы жұмыстардың бәріне қатыстым, әр бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен кездесіп, қандай бюджеттік өтінімдер, қандай негіздемесі бар екенін білдім", - деп жауап берді Әлихан Смайылов.

Ол бюджеттік процестің нәтижесінде нақты мәселелерді шешуге қаражат бөлінгенін айтты.

"Тағы бір мәселе: ақша қалай жұмсалғандығында. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, яғни, министрліктерге, әкімдіктерге, квазимемлекеттік сектордағы компанияларға қатысты қаражат қаншалықты тиімді және мақсатқа сай игерілді. Енді мен Жоғары аудиторлық палата басшысы ретінде мұның барлығын сырттан бақылай аламын.", - деді палата басшысы.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министр қызметін атқарды. Қызметінен босаған соң, 2023 жылдың 30 наурызында Жоғары аудиторлық палатаның төрағалығына тағайындалды.

Талқылау