Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефонмен 5 минутта рәсімдеңіз: Тұрғын үйді банкке бармай-ақ қалай алуға болады?

Уақыт тапшы заманда кез келген адам барлық шаруаны жылдам әрі тиімді бітіргісі келеді. Ал жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдер пайда болғалы уақытты үнемдеуге, шығындарды азайтуға мүмкіндік көбейді. Енді қызметтерді пайдалану процесі де жеңілдеп, онлайнға көшуде. Бүгін тұрғын үй алуды оңтайландыратын онлайн ипотеканың артықшылықтары туралы айтып бермекпіз.

Ипотека рәсімдеу дегенде көз алдымызға қыруар қағаз бен кезегін сарыла күткен адамдар елестейді. Отбасы банк ұсынатын онлайн ипотека уақытты да, ақшаны да үнемдейді десек, сенер ме едіңіз? 

Әдетте тұрғын үй сатып алмас бұрын бюджетіңіз ипотекалық заемның талаптарына сай келетін-келмейтінін анықтау керек. Одан бөлек, ай сайынғы төлем және оны қанша уақытта қайтаруға болатынын біліп алған жөн. Отбасы банктен осы сұрақтардың жауабын 5 минутта әрі тегін алуға болады.  Егер сіз әлі қандай тұрғын үй алатыныңызды шешпесеңіз, алдын ала мақұлдау алып,1 ай ішінде бекітілген сомаға пәтер іздей аласыз. Ал егер сатып алатын үйді таңдап қойсаңыз, несие төлемдерін есептеп қана қоймай, бірден ипотекалық қарызға өтінім бере аласыз.

Алдын ала мақұлдау небәрі бес минут уақытты алады. Содан соң сізге жеке менеджер тағайындалып, ол пәтеріңіздің кілті қолыңызға тигенше сізге көмектеседі. Онлайн ипотеканың артықшылығы сол, жылдам әрі ыңғайлы.

Оны қолдану үшін клиент не істеуі қажет:

1) Банктің ресми сайты (www.hcsbk.kz) немесе Баспана маркет (www.otbasybank.kz) арқылы кері қоңырау шалу туралы өтініш қалдыру, бейнеқоңырауға қосылу немесе 300 нөміріне қоңырау шалу;

2) Бейнеқоңырау арқылы алдын ала мақұлдау алу (алдын ала мақұлдау шешімі 29 күн бойы жарамды);

3) Жылжымайтын мүлікті табу;

4) Тәуелсіз бағалаушының көмегімен мүлікті бағалату;

5) Отбасы банктегі салымды бастапқы жарнамен толықтыру (аралық заем алу үшін бағалау көрсеткішінің 2.5 - ең төменгі мәніне жету қажет);

6) Банк бағалауды қабылдағаннан кейін оператордың көмегімен бейнеқоңырау арқылы несиеге өтінім жолдау қажет;

7) Оң шешім қабылданған жағдайда, нотариусқа немесе құрылыс салушыға (жаңа үй пайдалануға берілмеген болса) үлестік келісім рәсімдеу үшін өтініш беру;

8) Келісімшартқа қол қойып, төлем кестесін алып, сақтандыру құжаттарын рәсімдеп, қол қою үшін Банк филиалына бару.

Онлайн ипотеканың тиімділігін көріп, көпшілікпен тәжірибесін бөліскендердің бірі – 35 жастағы астаналық Әсем Маденова. Ол наурыз айында бастапқы нарықтан тұрғын үй алған. Мемлекеттік қызметкер болғандықтан, жұмысбасты, уақытының көп бөлігі кеңседе өтеді. Пәтер аламын деп шешкен соң ол онлайн ипотека рәсімдеуді шешеді.

Әсемнің сөзінше, құжат тапсыру, оны рәсімдеу процесі өте жеңіл. Тіпті ол осы жұмысты бір ғана смартфон арқылы бітіргенін айтады. 

"Банк бөлімшесіне бару, кезекте отыру көп уақытты қажет етеді. Сондықтан түскі ас кезіндегі үзілісті пайдаланып, интернет арқылы ұялы телефонмен ипотеканы рәсімдеуге өтінім бердім. Құжаттардан тек жеке куәлігімнің түпнұсқасы өзімде болуы керек екен. Сол арқылы жеке тұлғаңызды растайды, ал қалған құжаттарды мемлекеттік базадан қарады. ХҚКО-ға барып, құжаттарды жинаумен әуре болмадым. Жалақының мөлшері, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды тапсыру да қажет емес. Себебі бәрінің цифрлық нұсқалары жеткілікті", – дейді ол.

Әсем Маденова "Жасыл ипотека" бағдарламасы бойынша Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер алған. Бірінші нарықтан алынған пәтердің құрылысы әлі аяқталмапты, сондықтан ол отбасымен үйіне қазан айында кіруді жоспарлап отыр.

Айта кету керек, былтыр Отбасы банкінде  "Жасыл ипотека" бағдарламасы іске қосылды. Оның ерекшелігі сол, экологиялық талаптарға сай салынған жаңа тұрғын үйлерді ұсынуында. Мұнда бастапқы жарна 20%-дан басталады және 35 миллион теңгеге дейінгі сомада пәтер алуға болады. Жылдық мөлшерлеме 12,5%-дан (ЖТСМ 13,3% бастап) басталып, он жылдан кейін жылдық 3,5–5%-ға (ЖТСМ 3,6% бастап) азаяды. 

Әсем ипотека рәсімдеу кезінде банк бөлімшесіне екі рет қана барғанын айтады.

"Үлестік қатысу келісімшарты мемлекеттік органда тіркелді деген анықтаманы ХҚКО-дан алып, банкке тапсыру үшін бөлімшеге бардым. Содан кейін ипотека рәсімдеуге жолдасымның келісімі қажет болды. Сонда жұмыстарды толық реттеу үшін бас-аяғы банкке екі рет бардым", – дейді ол.

Әсем Маденова, жеке архивтен

Әсем ипотека рәсімдеуге ойланып жүрген адамдарға онлайн қызметті пайдалануға кеңес береді.

"Ыңғайлы, үнемді, жылдам. Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс істегендіктен, мұнда ешқандай қорқыныш, тәуекел жоқ екенін білемін. Дербес деректер қорғалған. Онлайн заемның дәстүрліге қарағанда айырмашылығы көп. Уақытты, жолға кететін шығынды үнемдейді, банк қызметі үшін комиссияға жеңілдік бар",  – деп қосты ол. 

Отбасы банк ипотекалық несие алудың ерекше әдісін – онлайн консьерж қызметін ұсынады. Бұл жағдайда заемды қарастыру қызметіне 0 теңге, заемды ұйымдастыру қызметіне 50% жеңілдік беріледі. Яғни клиент үшін шығындарды үнемдеуге жасалған зор мүмкіндік. 

Онлайн ипотеканың ең басты артықшылығы, қарызды мақұлдау туралы шешімді ұзақ уақыт күтпейсіз. Сондай-ақ қосалқы қарыз алушыны да, Қазақстанда не шетелде болғанына қарамастан, қосуға болады. Яғни ресурстарыңызды еркін әрі ыңғайлы басқара аласыз.  

Тұрғын үй алу сияқты маңызды мәселеге келгенде бәрінің ашық әрі шынайы болуы маңызды. Осы ретте ипотекалық өтінімді жеке кабинетіңізге кіріп, барлық ақпаратты бақылап отыруға болады. 

Онлайн ипотекаға өнім беру үшін www.hсsbk.kz немесе www.otbasybаnk.kz сайтында видео байланыс арқылы банк менеджеріне хабарласа аласыз.

Үйлерінен шықпай-ақ баспаналы болғандардың қатары көбейіп келеді. Жыл басталғалы 1600-ден аса қазақстандық онлайн ипотекалық несие қызметін пайдаланып үлгерген. 

Талқылау