Телефон қуаты жиі отырып қалмау үшін не істеу керек?
Смартфон қуаты жиі әлсіздік танытып өшіп қала берсе, оның уақытын ұзартудың бірнеше жолы бар.
Фото: overclockers.ru
Аккумулятордың автономды жұмыс істеу шегін смартфондардағы баптауды өзгерту арқылы ұзартуға болады.
Экранның анимациясын өшіріп тастап көріңіз (Баптаулар – Экран – Анимация – Анимациясыз)
Жұмыс үстелі мен виджеттегі ярлыктар санын азайту керек,
Экранның жарық көлемін 50 пайызға теңшеңіз,
Экранның автобұрылысын ажыратып тастаңыз,
“Жанды түсқағаз”,
“Қоңырау шалу кезіндегі виброқоңырау” баптауларын өшіру,
Дауысты күшейтіп қойып сөйлесуді де сиреткен дұрыс,
Автосинхронизация мен Фондық режимді өшіру (Баптаулар – Акаунттар және синхронизация).
Пайдаланбайтын кезде ажыратып тастау керек: GPS спутнигі (Баптаулар – Орналасқан жер және құрылғыны қорғау), Bluetooth, WiFi, Мобилді интернет (Баптаулар – Сымсыз желі)
Кейде жылдам қуатталған батерея бірден белсенділік танытады: Аккумулятор екі тәулік бойы қуатты ұстап, алайда келесі күні сол деңгейдегі қысым жағдайында ол 8-12 сағатта өше бастайды.
Аккумулятордың автономды жұмысының бірден түсіп кетуіне не себеп болуы мүмкін?
Себеп вирустық бағдарламада жасырынып тұруы мүмкін. Ол сіздің смартфоныңызға көптеген жолдар арқылы еніп кетеді. Мәселен, сіздің құрылғыңызда автоматты түрде орнатылған жаңарту кезінде кіреді. Дүкендердегі қосымшаларды орнатып, құрылғыны толықтай тексертіп алу қажет.
Қосымшалар қуаттың көп бөлігін алып кетеді. Мұндай кезде әлгінде өзіңіз орнатқан қосымшаларды өшіріп тастап, смартофнды қайта өшіріп-қосқан дұрыс.
Бұл ретте смартфондағы баптауларды да толықтай өшіріп шыққан дұрыс. Сіздің смартфондағы бірнеше қосымша бірден акуумуляторды шығындап кетеді. Ондай кезде баптаулардың барлығын дерлік түбіне дейін құртып тастауға тура келеді.
Мынадай да әдіс бар: ең төменгі шекке дейін аккумулятор күшін азайтып күту керек. Толық өшкен соң батереяны құрылғыдан алып, оны бірнеше минут смартфонға салып, құрылғыны қоспастан 8-10 сағат қуаттаған жөн.
Оқи отырыңыз:
Биылғы жылдың қазан айы 800 жылда бір қайталанатын ерекше қасиетке ие
Ердің де, әйелдің де даусын салған келіншек елдің таңданысын туғызды (видео)
24 жастағы бойжеткен байқаусызда 68 жастағы өзінің туған атасына күйеуге шыққан