Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Смағұл Елубай: Ислам – ең демократияшыл, әмбебап дін

Смағұл Елубай ислам дінінің қазақ қоғамындағы рөлін сөз етті. Жазушы, кинодраматург аталған дінді «ең демократияшыл әрі әмбебап» деп бағалады.

S.-Elubay-kopiya

Бұл туралы «Салмақты сөз» бағдарламасында айтылды.

– Бұрын барлық киноларымызда исламнан қашып келдік. Ал «Алмас қылышта» керісінше. Керей таққа бісмілләсін айтып барып отырады дейді. Жалпы осылай тарихи фильмдерде исламшылдықты көрсету қаншалықты маңызды?

– Біз исламды Қожа Ахмет бастаған сопылардың қозғалыссыз заманында қабылдағаны үшін құдайға мың шүкіршілік етуге тиіспіз. Бізде шаманизм деңгейінде қалып қою қаупі болған. Әсіресе қыпшақтар даласында. Мұның барлығы сол ата-бабамыздың, Яссауи бастаған сопылардың жанкештілігінің арқасында келген дүние. Бастарының кетіп жатқанына қарамастан, исламды алып келгендеріне біз шүкіршілік етуге тиіспіз. Әлемдік төрт діннің бірі – ислам. Бұл – әмбебап дін. Бұл жерде Иса да, Моисей де, Аврам да жақсы. Яғни пайғамбарлардың ешқайсысына тіл тигізуге болмайтын, ең демократияшыл, әмбебап дін. Бар болғаны осыны жақсылап түсіндіре білу қажет.

– Біздің қоғамға ислам дінін түпкі атамыздың ұстанғанын көрсету маңызды ма?

– Өте маңызды. Қазіргі жағдайда сол ислам дінін жөнді түсінбей жүрген, шала сауатты жастарымыздың арқасында біз зардап шегіп жатырмыз. Ислам діні қыпшақ даласына тек Яссауидың тұсында келді. Осы исламды насихаттау арқылы біз бүкіл ұлттық дәстүрімізді, мәдениетімізді жастардың бойына сіңіре аламыз. Толеранттылық деген нәрсе қазақ халқының бойында бес ғасыр бойы болған. Біз – екінші бір адамның маңдайынан шертпей өмір сүрген халықпыз. Бізге сондай дәстүрлі дін керек және соны насихаттай білуіміз керек. Бұл – ең демократияшыл, бағымызды ашатын дін деп ойлаймын.


Жіберіп алмаңыз:

Исраил Сапарбай: Қазақ жігіттері қыздарға орны мен миссиясын беріп қойған

Салмағы зіл батпан кір тасын 50 рет көтерген әйелдер желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Мамбет, калбит, Мырқымбай. Қазақстанда қандай сөздерді айтпауға кеңес беріледі

27 наурызда «Ел арна» каналы іске қосылады

Талқылау