"Скотчпен орап, шынжырлап тастаған": Баласын асқан қатыгездікпен қинаған әйел ұсталды
Баласының көзін байлап, шынжырлап отырғызып қойған украиналық әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Днепрде балалар жөніндегі қызметтің мамандары баланы көзі байланып, скотчпен оралған күйі тауып алды. Сондай-ақ, анасы оны шынжырлап, диванның жанына отырғызып қойған. Бұл туралы Украинаның ұлттық полициясы хабарлады.
Ұл бала анонимді хаттан кейін табылған. Ведомство мәліметінше, әйел адамның төрт кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар: 4, 6, 8 және 13 жаста. Ол осы балалардың үшеуіне қамқоршы болған.
Балалар әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығына орналастырылды. Қатыгез әйелге қатысты 127, 146 және 166-баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн