Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

"Bek Air" әуе компаниясына қатысты бүгін тағы сұмдық ақпараттар жария етілді. Айтылып қана қойған жоқ, суреттері мен видеотаспасы да көрсетілді. Бұған дейін ұшақ апатына басты себеп ретінде айтылған мұз қатудан бөлек, «Фоккер 100» ұшағының кемшіліктері шаш етектен. Ал Алматы маңындағы апатта зардап шеккендерге өтемақы беру мәселесі басты назарында екенін бүгін мемлекет басшысының өзі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

самолет

Шетелдік мамандар "Bek Air"-дің ұшақтарын бір айға жуық уақыт бойы тексерді. Кеткен қате шаш етектен. Яғни, ұшақ ұшар кезде майы ағып тұрыпты. Ол ұшу айлағына да тамған. Сонымен қоса, әуе кемесінің дөңгелектері тозған, қанатының астында қорғаныш резеңкесі мүлдем жоқ. Бекіткіштер де толық жабылмай, кей жерін тіпті кәдімгі скотч байлап қойған.

Борттың ішіндегі орындық саны да құжатқа сәйкес емес. Екі қозғалтқышында сәйкестік белгілерін таба алмаған. Ал бұл өте маңыздысы екен. Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Bek Air компаниясымен жұмыс істеген екі инспектор түсініктеме беріп жатыр. Бұл сұрақтың негізі екі тұсы бар: неге олар мұндай заң бұзушылықтарға барды немесе жергілікті заңнама осындай қателіктерге жол бере ме? Анықтап жатырмыз", - деді Қазақстан авиация әкімшілігі АҚ бас директоры Питер Гриффитс.

Басынан дау арылмаған әуе компаниясы жолаушылар алдындағы міндетін де өтей алмай отыр. Әсіресе өтемақы мәселесі президентке дейін жеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатының басы-қасында жүрген вице-премьер Роман Склярдан бәрін тәлпіштеп сұрады.

Талқылау