Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да экс-әкімінің інісі жарты миллион жымқырды деген күдікке ілінді

СҚО-ның бұрынғы әкімі болған Серік Біләловтің інісінің 500 миллион теңгені қалтасына басты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Аймақтағы ірі болып саналатын құс фабрикасының басшысы Ерік Біләлов өзінің ба есепшісімен бірге мемлекет субсидия ретінде берген ақшаны жымқыруы мүмкін.
Бұл ақпарат экономикалық тергеу департаменті құс фабрикасының жұмысын тексерістен өткізгеннен кейін белгілі болды. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 
Айта кетерлік жайт, экс-әкім де осы құс фабрикасында төменгі қызметтен бастап, облыстың әкіміне дейін көтерілген. Тіпті, Сенат депутаты болып та үлгеріпті. Ал оның інісі Ақмола облысы ПД-нің басшысы болған көрінеді.
"Субсидия ақшасын жымқыру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Шамамен 534 мың теңге талаң-таражға салынған. Алайда күдіктілер изоляторға қамалмады. Сот алды тергеу жұмыстары біткен соң істің мән-жайы белгілі болады", - деді СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Рахым Мақажанов. 
 

Талқылау