СҚО денсалуық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот үкімі шықты
Петропавл қалалық сотында жекеменшік емдеу мекемесінің директорынан пара алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі (пара алу) бойынша сотқа тартылды. Сонымен қатар, пара берген жеке коммерциялық емес мекеменің директоры Айнагүл Қарабаева да жауапқа тартылды.
Сот отырысы жедел түрде өткізілді. Алғашқы сот отырысы таңертең өтті, ал түстен кейін айыпталушыларға қатысты үкім шығарылды. Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, процестік келісім түрінде процессуалдық келісім жасасқандықтан, іс оңайлатылған тәртіпте қаралды.
Нәтижесінде сот айыпталушыларды түзеу үшін мүліктік жаза жеткілікті деп шешті. Сақтағановқа мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленбестен параның 30 еселенген сомасы – 6 миллион теңге айыппұл салынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 33 күнді үй қамағында өткізгендіктен, айыппұл сомасы 5 миллион 807 мың теңгеге дейін қысқарған. Үйқамақ орнын тастамау және дұрыс мінез-құлық туралы қолхатпен ауыстырылды.
Айнагүл Қарабаеваға мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкін тәркілеусіз параның 20 еселенген сомасы – 4 миллион теңге айыппұл салынды.
Еске салсақ, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы 425 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені туралы жазған болатынбыз.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
