AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-дағы үйлердің бірінен анасы мен баласының денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында анасы мен баласының денесі үйлерінен табылды, алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланулары мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Тайынша ауданы Донецкое елді мекеніндегі тұрғын үйде екі адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында ведомствоның жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Материал жиналады, мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберіледі. Тек содан кейін ғана ауыл тұрғындарының нақты неден қайтыс болғанын айта аламыз. Қазіргі уақытта марқұмдардың көршілері сұрастырылып жатыр. Айтуларынша, олар үй тұрғындарын көптен көрмегендіктен алаңдаушылық білдірген. Тағы бір көршілері марқұмдардың спирттік ішімдіктерге жақын болғанын айтты. Сондықтан, қазір сараптама қорытындысын күтеміз. Өйткені былтыр осыған ұқсас жағдай болды. Жеке үйден екі адамның мүрдесі табылды. Жылыту маусымы болғандықтан ең алдымен пештен көріп, иістен уланып өлді деп болжам жасаймыз. Сараптама олардың басқа нәрседен, егер қателеспесем, алкогольден уланғанын көрсетті", –  дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.

Қайтыс болған әйел 54 жаста, екіншісі — оның ұлы, 27 жаста болған.

"Иіс тиіп уланды деп кесіп айтуға болмайды. Біздің мамандар ол жерде жұмыс істеп жатыр. Олар пештің мұржасы ашық болғанын айтты. Ал көршілері қайтыс болғандарды 3 күннен артық көрмепті", –  дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Жыл басталғалы СҚО-да 224 өрт тіркелді, 16 адам мерт болды, 6 адам жарақаттанды. 24 адам иіс тиіп уланды. 64 млн теңгенің материалдық шығыны келді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр