"СҚО-да жұмысшы кентінде маньяк пайда болыпты": WhatsApp-та тараған ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер маньяк туралы жалған хабарламалардың жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеп хабарлайды. 

ватсап

Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка аудан орталығын маньяк туралы жалған хабарламалар дүрліктірді. WhatsApp мессенджер топтарында ер адамның суреті және оның астында төмендегі мәтін жазылған.

“Сақ болыңыздар! Мамлютка қаласында, жұмысшы кентінде маньяк пайда болыпты, кешкілікте өз құрбанын аңдиды. 2020 жылы 30 шілдеде бойжеткеннің соңынан қуған, абырой болғанда, қашып құтылған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған” (мәтін өзгеріссіз келтірілген)

Жалған “жаңалық” аудандық полиция қызметкерлерімен интернет-кеңістікті мониторингілеу барысында анықталды. Тәртіп сақшылары хабарламаның авторын анықтады, ол аудан орталығының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ол Мамлютка қаласында тұратын 1982 жылы туған танысының суреті бар жалған ақпаратты оны жек көргеннен таратқан. Тамыздың 3-і  “жала жабу” бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Нәтижесінде жәбірленуші талап-арызынан бас тартып, өз жерлесімен татуласуға келісті.

"Бұзушының 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасына тартылатынын атап өткен жөн", - деп түсіндірді Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

Әлжанов халықты даурықтырмай, айналасы 2-3 сағаттың ішінде маньяк туралы ақпарат жалған екенін растайтын ресми хабарлама таратылғанын айтты. 

"Заңнамамен жеке тұлғаларға жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін дәл осындай жаза көзделген. Абырой болғанда халық арасында үрей туындамады. Жалған ақпараттың таралуы анықталғаннан кейін 2-3 сағаттың ішінде жоққа шығаратын мәлімет дайындалып, аудандық полиция бөлімінің 20 қызметкері “WhatsApp” мессенджерінде тіркелген аудан орталығының барлық топтарына көрінеу жалған ақпаратты таратпау туралы өтініш жариялады", - дейді Әлжанов.

Полицейлер солтүстік қазақстандықтарды көрінеу жалған ақпаратты тарату елеулі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатыны туралы тағы да ескертеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр