Денесі пакеттен табылған: СҚО-да жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты оның анасына қылмыстық іс қозғалды
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған нәрестенің өлімініе қатысты оның анасына қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ПБ аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің өлімі фактісі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Тергеу-жедел тобы аталған фактіні тексеру үшін жіберілді. Оқиға болған жерді тексеру барысында үй-жайдан жасырын салынған пакетте зорлықпен өлтірілген қыздың мәйітін табылыпты.
Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы “Жаңа туған баланы анасының өлтіруі” бойынша тіркелген.
Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды.
Көз жұму себептерін анықтау үшін жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн