Коронавирусқа байланысты СҚО-да үш мектеп жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар анықталған үш мектеп жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Петропавлда Н.К.Крупская атындағы 10-орта мектепте екі мұғалім және екі оқушы коронавирус жұқтырды.
"Мектептегі барлық шаралар қатаң сақталды. Бірақ, өкінішке орай, балалар ауруды мектептен тыс жерлерде жұқтырды. Егер бала коронавирус жұқтыратын болса, бір сынып толығымен карантинге жатқызылады", - деді мектеп директоры Татьяна Анцибор.
Директор мектепте алты сынып карантинге жабылғанын түсіндірді.
"Сондықтан коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін 28 сәуірден бастап бүкіл мектепті қашықтықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданды. Карантин туралы барлық ата-аналарға ескерту жасалды", - дейді Татьяна Анцибор.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі бүгінде облыстың үш мектебі қашықтықтан оқытуға көшкенін хабарлады.
"Коронавирустың таралуына байланысты қайтадан онлайн режимде жұмысын бастаған 10 - орта мектеп, дарынды балаларға арналған мектеп және Ғабит Мүсірепов атындағы Новоишимск қазақ орта мектебі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында мектеп жасындағы 16 бала мен 13 мұғалім коронавируспен ауырып жатыр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
