AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да театр актерлері әкім берген пәтерлерінен қуылып жатыр

Еліміздің солтүстігінде қазақ театрының бір топ актері жұмыстан кетуге мәжбүр. Өйткені баспана мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Өнер адамдары он жыл бұрын сол кездегі облыс әкімі Серік Біләлов сүйіншілеп сыйлаған пәтерлерінен қуылып жатқандарын айтқан.

Жалдамалы пәтерде тұрғымыз келмейді деген актерлер баспаналарын өз аттарына заңдастырып беруін талап етеді.

Он жыл бұрын әкімдіктің сыйлаған пәтерлерін өз аттарына аударып беруін талап еткен актерлер осы жолы қазақ театрының алдына жиналды. Бәрінің де айтары бір. Бірнеше жылдан бері тұрып жатқан баспаналарын заңдастыру. Сөздерінше, облыста төрт әкім ауысқанымен мәселе шешілмеген. Шенеуніктер құрғақ уәдемен бізді осылай мазақ етіп келеді деген актерлар, жұмыстан кететіндерін айтады.

“Үйдің мәселелесімен ғой кетіп жатырмыз. Заявление жаздық. Амалсыздық қой сол. Біздің жалақымызбен ешқандай ешқашан үй ала алмаймыз. Ешбір программаға сай келмейді екенбіз. Түк те келмейді”, – дейді Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актері Марат Гайнуллин.

Актерлер 2010 жылы облысты басқарған Серік Біләлов пәтерді дүйім жұрттың алдында сүйіншілеп тұрып сыйға тартты дейді. Табысталған алты пәтерді екі отбасы заңдастырып алса, қалғаны дәрігерлер үйінен берілген бір бөлмелі төрт пәтерді өздерінің атына аудара алмағандарын айтады.

“Бізді түсінбей жатыр кейбіреуі. Айдаладан біреу пәтер сұрап жатыр отырып ап деп. Жоқ ондай емес. Біздің талабымыз он жылдыққа берген пәтерді, салтанатты түрде міне осы жерде мен өз қолыммен алдым Серік Сұлтанғазыұлынан”, – дейді Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актері Асылхан Рәзиев. 

Ал әкімдіктегілердің айтуынша, театрдың он жылдығында табысталған 6 пәтердің бірі ғана заңдастырылған. Қалғаны қызметтік пәтер ретінде берілген. Бірақ соған қарамастан актерлерды баспанасыз қалдырмаймыз дейді.

“Қазіргі уақытта екі пәтер ғана болып тұр. Оны екі актерге береміз. Ал қалған екеуіне уақыт өте келе пәтер болған кезде оларға да беретін боламыз. Театр басшылығының сөзінше, қазір өнер ордасында небәрі 17 актер қызмет етеді. Одан бөлек, ұжымға он маман жетіспейді екен”, –дейді СҚО мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдірейісов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр