СҚО-да соңғы тәулікте вирус жұқтырғандардың екеуі тұмауратып келген
Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19 коронавирусын өткен тәулікте 4 адам жұқтырған, олардың екеуі бұған дейін ауырғандармен байланыста болмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шұғыл штабтың мәліметінше, өңірде коронавирус жұқтырғандардың біреуі – 1988 жылы туған әйел, қалғандары - 1986, 1989, 1993 жылы туған ер адамдар.
Жұқтырғандардың үшеуі – Петропавл қаласының тұрғыны, ал тағы біреуі Тайынша ауданында тұрады.
Оларда коронавирус ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша табылды. Соның ішінде талдаулар екі тұрғыннан іріктеліп алынды, яғни олар бұған дейін науқастармен жақын байланыста болған. Ал екеуі суық тию белгілерімен медициналық мекемеге жүгінген.
Барлығы Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Қазір тиісті түрде емделіп жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн