СҚО-да шенеуніктер 54 мың гектар жайылымдық жерді заңсыз беріп жіберген
СҚО-да жер қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде ауылдарға жақын жайылымдық жерлерді заңсыз беру дерегі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Облыстық прокуратура мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 54 мың га ауылдарға жақын жерде 348 жайылымдық жерді заңсыз берген.
“Қадағалау органының шаралары бойынша облыс әкімдігі мен облыстың Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қою арқылы ауданы 38 мың га 247 жер учаскесін қайтаруды қамтамасыз етті, қалған учаскелер бойынша жұмыс жалғасуда", - деп атап өтті прокуратура өкілдері.
Қадағалау органының ұсынымдарымен жайылым тапшылығын жою мақсатында әкімдіктер елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтқан. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған меморандумдар жасалды.
"Аталған жұмыстар нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тапшылық 538 мыңнан 386 мың га дейін азайды", - делінген хабарламада.
Жер заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауына алынды.