Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да шенеунік сынып қалған көлігіне тегін бензин құйып алып отырған

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкер жұмыс істемейтін көлігі үшін бензин алып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Петропавловск.news" сайтына сілтеме жасап. 

шенеунік

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жетекшісі Балтабек Жетпісовтің ісі қаралды. 

«Аталған ведомство жетекшісі мен өзге де қызметкерлер жанар-жағармайды жұмыс істемейтін көліктері үшін алып отырған. Сондай-ақ, бұл фактіге ведомствоның журналдары мен қағаздары дәлел. 2019 жылдың қаңтары мен 31 мамыры аралығында Жетпісовтің бір өзі 650 литр бензинге талон алған. Ол жанар-жағармайды апта сайын алып отырды десек те болады», - дейді Сұлтан Магомедов. 

Мемлекеттік қызметкер бухгалтерияға жұмыс істемейтін автомобилінің спидометрін көрсетіп отырған. Аудит барысында Жетпісов 140 мың теңге көлемінде мемлекетке ақша қайтарды. Этика кеңесінің мүшелері оны жұмыстан қууға кеңес берді. 

Талқылау