Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да нөсерден төтенше жағдай жарияланбақ

Толассыз жауған нөсерден еліміздің солтүстігіндегі бірнеше облыста төтенше жағдай жариялануы тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәжілістегі екі бірдей фракция Үкіметке шырылдаған шаруалардың жанайқайын жеткізді.

Жазда қуаңшылықтан әбден зәрезап болған диқандар, енді апталап жауған күзгі нөсерден зардап шегуде. Түптеп келгенде тұқым себуге де қажет дән қоры жетпей қалуы мүмкін дейді депутаттар. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Қостанай облыстарында жауын 20 күннен бері толастамай тұр. Комбайндардың егіс алқабына шығуына қазір лай кедергі келтіреді. Сондай-ақ, ылғалдың жоғары болуынан астық қазірдің өзінде сапасын жоғалтып, екі есе құнсызданған. Шаруалар биыл қамбаға түсетін астық көлемі еселеп аз болады деп зар илеп отыр. 

“Әкімдіктер төтенше жағдайды қашан жариялаймыз деп жүргенде, шаруалар шаш етектен шығынға батуда. Біз қазір шаруаларды несиеден босатуды сұрап отырмыз, ең болмағанда, төлем мерзімдерін шегеру керек қой. Жалпы мемлекет жанжақты қолдау көрсетуі қажет”, – деді мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров.

Талқылау