Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да құс фабрикалары өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатқан

Солтүстік Қазақстанда құс фабрикалары өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатып жіберген. Бұл дерек Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті жүргізген мониторинг барысында анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

"Якорь", "Есіл", "Адель құс" және "Алекри" тәрізді өңірдегі ең ірі құс фабрикалары бәсекелестік талаптарын бұзған.

"Департамент бұл кәсіпорындарға ескерту хат жіберді. Оның нәтижесі бойынша құс фабрикалары бізге жұмыртқаның көтерме бағасын түсіргендіктері жайында жауап берді. Яғни, 1-санаттағы жұмыртқаның бағасын 5-10 теңгеге арзандады", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департамент басшысының міндетін атқарушы Наталья Шаяхметова.

Ал Маңғыстауда жұмыртқаның шекті бағасы бекітілді. Бұдан былай 10 данасы - 453 теңге тұрады. Ал, одан қымбат сатқан кәсіпкерге 300 мың теңге айыппұл салынады. Егер жағдай қайталанса, айыппұл көлемі 2 есе өседі. Шекті баға 3 ай қатарынан сақталады.

Еске сала кетсек, жыл басында облыста жұмыртқа тапшы болып, бағасы 540 теңгеге дейін қымбаттады.

Талқылау