AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да коронавирус жұқтырған әйелдің шала туылған нәрестесі шетінеп кетті

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған әйелден шала туған нәресте шетінеп кетті, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Айманов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, соңғы кездері коронавирус жүкті әйелдерде жиі анықтала бастаған. Биыл 503 жүкті әйел коронавирус жұқтырған. Оның 483-і сауығып кетті, 20 әйел бақылауда.

"Интенсивті терапияда 14 жүкті әйел болды. Қазір үшеуі бар. Екеуі инвазивті емес желдетуде. Шілдеде 18 жүкті әйел коронавирустың ауыр түрімен ауырды. Өміріне қауіп төнгендіктен, 15 әйел жасанды тілік жасауға мәжбүр болдық. Сәбилердің барлығы дерлік шала туылған. Қазір дәрігерлер балалардың өмірі үшін күресуде. Өкінішке қарай, салмағы 770 грамм болып туылған бір нәресте көз жұмды", – деп хабарлады Айманов.

Ол, әсіресе жүкті әйелдер қауіпсіздік шараларын сақтауы керек екенін айтты. Өйткені жүкті әйелдерге коронавирус қатты әсер етеді және олар вирустың ауыр формасымен ауырады. COVID жұқтырған әйелдердің оңалту кезеңі өте қиын және ұзақ.

"Балаларды ауруханаға жатқызу саны да артты. Шілдеде коронавирусты жұқтырған балалардың саны маусыммен салыстырғанда 8,5 есе өсті. Ауруханаға жатқызылғандар саны төрт есеге өскен", – деп атап өтті Нұрлан Айманов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 бала жатыр. 165 бала амбулаторлық емделуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Солтүстік Қазақстан облысындағы төсек жүктемесі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін баса айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр