Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да коронавирус анықталған 3 ер адам Ресейде жұмыс істеп келген

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған үш адам Ресейдің Омбы қаласында жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Шұғыл штабтың мәліметінше, коронавирус анықталған ер адамдардың екеуінің жасы 37-де, біреуі – 33-те. Олар Омбы қаласындағы құрылыс компанияларының бірінде вахталық әдіспен жұмыс істейді. Олар 25 мамыр күні Ресейден елімізге М.Жұмабаев атындағы ауданның "Қарақоға" бекеті арқылы кірген. Коронавирусқа тексеріліп карантиндік стационарға жатқызылды.

Сараптама коронавирустың оң нәтижесін көрсетті. Бүгінде олар бірінші қалалық ауруханада бекітілген хаттамаға сәйкес емделуде. Дәрігерлердің айтуынша, үшеуінің жағдайы қанағаттанарлық. Науқастармен 6 адам жақын байланыста болған, олар да коронавирусқа сынақ тапсырды, теріс нәтиже көрсетілді.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 27 Мамыр, 2020 08:37
Талқылау