Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да кәсіпкер ауылдың учаскелік инспекторына үй салып берді

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер ауылдағы учаскелік инспекторларға арнап үй салуда, деп ахабрлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы облыстың ПД мәлімдеді. 

Аққайың ауданына қарасты Жұмысшылар ауылында учаскелік инспектор болып қызмет атқаратын Азатбек Темірханұлы әйелімен бірге аумады 75 шаршы метрді құрайтын жаңа үйге көшіп кіріпті. Тәртіп сақшысына арнап үйді "Санта-Мария" ЖШС-нің басшысы Авел Леонов салған.  Бұл аймаққа Азатбек Темірханұлы Қазақстанның оңтүстігінен қоныс аударыпты. Инспектордың сөзінше, ол отбасымен бірге алғашқы рет қысты солтүстікте қарсы алмақ. Ал жақында бала күтіп отырған жары екеуі үшін үйлі болғаны біз үшін өте маңызды дейді ол.

Үйлі болған Азатбек Темірханұлы жалғыз полицей емес көрінеді. тайынша ауданының Қарағаш ауылында инспектор Руслан Бекболтовқа да "Астық  STEM" ЖШС ұйымы үй тұрғызыпты. 

ПД басшысы Марат Төлебаевтің сөзінше, бұл жылы учаскелік полицейлердің материалдық-техникалық базасы бекітілетін болады. Алдағы уақытта аймақтағы барлық учаскелік инспекторлардың тұрмыс жағдайы тексеріледі екен. 

2020 жыл ҚР-дың ІІМ тарапынан учаскелік инспектор полицейлерінің жылы болып жарияланыпты. 

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 09 Қаңтар, 2020 10:55
Талқылау