Соңғы жаңалықтар

СҚО-да қашықтықтан оқыту арналған отандық ноутбуктер өндірісі басталды

Қазақстанның солтүстігіндегі С.М. Киров атындағы зауыт еліміздің білім бөлімдеріне жеткізілетін алғашқы 5 мың компьютерлік техниканы құрастыруға кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Microsoft компаниясы мен "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ арасындағы ZіK computers-ті Windows 10 Pro лицензиялық операциялық жүйесімен жабдықтау туралы LDP-шарт күшіне енді.

"Бұл ынтымақтастық отандық өнім мен әлемдік деңгейдегі бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтарын біріктіреді, бұл еліміздің мектептерін қашықтықтан оқыту үшін сапалы жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, 2020 жылдың шілдесінде ZіK computers ноутбуктарының бірнеше үлгілері Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасында қалалық және ауылдық мекемелер жағдайында сынақтан өткен. Нәтижесінде ноутбуктер пайдалануға ұсынылды.

"Zіk computers өнімі ҚР БҒМ-нің қашықтықтан оқыту талаптарына сай, ол мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша үкімет бағдарламасы аясында жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, ZіK computers өнімі әлеуметтік-бағытталған, өйткені өндіріс пен сату нарықтағы ұсыныстармен салыстырғанда салыстырмалы түрде төмен бағамен өтеді.

"Жыл соңына дейін тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне қарай зауыт тағы 60 мыңға жуық дербес компьютерлер мен ноутбуктерді жеткізуді жоспарлап отыр", — деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр