Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да ішінде 25 жолаушысы бар автобус аударылған

Солтүстік Қазақстан облысында 25 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырап, бір адам жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған 

Автобус Петропавл - Имантау тас жолында аударылған. 52 жастағы жүргізуші көктайғақтың кесірінен тізгінге ие бола алмай қалыпты. Автобустағы 25 адамның біреуі зардап шеккен. Ол Қызылжар ауруханасына жеткізілді. Ал автобусты тәртіп сақшылары арнайы техникамен сүйреп шығарды. Қазір тас жол көк мұзға айналған. Себебі Солтүстікте 40 градусқа дейін аяз болып, күн күрт жылынып, жолда жүру қиындаған.

“Ауа райы күрт өзгеріп, қатты  боран соғып, тайғанақ күтілуде. Осыған байланысты жүргізушілерді жолда мұқият болуын сұраймыз. Яғни өздеріңізбен бірге жылы киім және алғашқы көмек көрсететін заттарды бірге алып жүрулеріңізді сұраймыз”, – деді СҚО ПД баспасөз хатшысы Малина Ерғалиева.

Талқылау