СҚО-да Есілге батып кеткен ер азаматтың денесі табылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзіненде суға батқан көлік табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қызылжар ауданы Красный Яр ауылына жақын маңда болған оқыс оқиғада көлік жүргізушісі көз жұмды. Суға батып кеткен темір тұлпарды трактордың көмегімен шығарған. Қазір полиция істің анық-қанығына жету үшін тергеу жұмыстарын бастап кетті.
"Есіл өзінене батып кеткен ішінде Петропавл тұрғынының денесі бар Toyota Surf көлігін судан шығару фактісі бойынша сот алды "001" категориялы тергеу жұмыстары басталды. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды. Соның қорытындысына қарай процессуалды шешім қабылданады", - деп мәлімдеді СҚО полиция басқармасы.
Талқылау