Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да ер адам өз үйінде жатып үсіп қала жаздады

СҚО Тайыншы аудандық ІІБ қызметкерлері 43 жастағы Келлеровка ауылының тұрғынын құтқарды.

Ол үйінде пеш жақпай, ұйықтап қалған. СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаевтың айтуынша, дүйсенбі күні таңертең полицияның аға лейтенанты Күмісбек Оспанов және полиция лейтенанты Дмитрий Бизиков жалғыз басты ауыл тұрғынының үйіне кіре алмайды. Полицейлер ер адамға бірдеңе болып қалды ма деп қауіптенеді. Олар есікті сындырып кіруге мәжбүр болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Үйге кірсе ауыл тұрғыны диванда ұйықтап жатады. Ол тәртіп сақшыларының сұрағына жауап қайтара алмайтындай күйде болған. Кейін оны үсік шалды деп ауруханаға жеткізеді. Қазір оның жағдайы жақсы. Учаскелік инспекторлар оған ас-су мен қыстық киім берді.

Полицейлер тұрғындардан жалғыз басты және зейнеткер көршілеріне кіріп, жағдайын білуді сұрайды. Қажет болған жағдайда шұғыл көмек қызметіне хабарласу керек.

Тағы да оқыңыз:

Шоқыну мерекесін православие қау­ымынан асып тойлайтын қазақтар елді ашуландырды

Мұсылмандық бейнесінде жасалған шоқыну суаты желіде шу болды 

Жантүршігерлік өлім: Студент көрші қызды өлтіріп зорлап, соңынан өзіне қол салды

Талқылау