Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да егде кісі жарты тәулік суық судың ішінде жатқан

Солтүстік Қазақстан облысында 72 жастағы ер адам шамамен 12 сағат суық судың ішінде жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21-маусым күні таңертең зейнеткер Есіл өзенінде балық аулауға кеткен. Оқиға Есіл ауданы, Явленки ауылынан екі шақырым жерде орын алған.

"Екінші топтағы мүгедек жағалауда отырған кезінде тайып, суға құлады. Өздігінен судан шыға алмай, аяғы сазға жабысып қалған. Қараңғы болғандықтан зейнеткерге қарапайым адамдар көмек көрсете алмай, құтқарушыларды шақырған", - дейді мамандар.

Есіл ауданындағы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жұлдыз Есенғазин оқиға орнына барған. 

"Ер адам суық суға кеудесіне дейін батып кеткен. Ол айқайламақ түгілі, сөйлей алмай қалған. Бізді сол жерде өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен полиция қызметкерлері күтіп тұрды. Олар жәбірленушіге қажетті психологиялық көмек көрсетті", - деді Есенғазин.

Зейнеткер шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты, өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр